Алматы облысы Балқаш ауданы №2 Жамбыл атындағы орта мектебінде "Абайлаңыз балалар!"
акциясы жалғасуда.
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі
жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен
жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.
Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.
#абайболыңыз
#жолережесі