«№2 Жамбыл атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің демеуші атынан жабдықталуы
2022-2023 оқу жылында мектебіміздің 1977 жылғы мектеп түлектері Имаділдаев Жайдарбек пен Төлетаева Күмісжанның қызы Айгул ата-анасының оқыған кабинетіне демеушілік жасап, қазақ тілі мен әдебиеті кабинетін толық жабдықтап берді. 30 оқушыға арналған парта, орындықтар, мұғалім столы мен орындығы бар. Терезеге жалюзи, перзесі мен карнизі алынған. Қазіргі заманға сай стендтер, интерактивті тақта және сабақта қолданатын көрнекіліктермен жабдықталды. Стентдтерде тіл мен әдебиетке арналған ақын-жазушылардың суреттері мен сөздері жазылған.Кабинет заман талабына сай. Оқушылардың стандартқа сай білім алуына толық жағдай жасалған. Шкафтартар мен кітап сөрелері көрнекіліктер мен ресурстар қоюға арналып жасалған. Кабинет меңгеруші: Кашкеева А.
https://2-zhambyl.balqash.edugov.kz/zh-lykt-r-2-zhambyl/11563-aza-tili-men-debieti-kabinetini-demeushi-atynan-zhabdy-taluy.html#sigFreeIdf23480fbde