23 Шілде 2024
Ата-аналарға

Әкелер күні

Менің әкем мен үшін дара туған!

Әке сен, жансың биік, дана тұлғаң.

Мейірім,нұры менен жаратылған,

Бар әлемнің, жақсылығын бойға жыйған,

Менің әкем, мен үшін, дара туған.

Әке сенің жүзіңнен қуат алам.

Жанарыңның жылуы шуақтанған,

Өзің барда,, ғажайып көрінеді,

Шынайы боп, көзіме мына ғалам.

Әке сенің жалғайтын өміріңмін,

Жырларыммен толқыса көңлің тым.

Мәнісі деп білемін, мен өзіңді,

Осыншама жылдағы, өмірімнің.

Әке сенсің ең алғашқы ағартушым,

Мен өзіңнің, өмірге, қаланушың.

Мендей ұлға, бұл өмірді, сыйға тартқан,

Алладан, кейінгі сен Жаратушым

#Меніңәкем
#әкелеркүні

Пайдалы ақпараттық ресурстар