Назарларыңызға!!!
2023-2024 оқу жылына 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ережесін ұсынамыз.
1-сыныпқа жеті жасар және ағымдағы күнтізбелік жылы 6-ға толатын балаларды қабылдайды.
Құжат қабылдау 2023 жылдың 1-сәуірінде басталып, 1-тамызға дейін жалғасады;
Өтінішті egov.kz және portal.gu.almobl.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты»
(026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат);
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3х4 көлеміндегі фото (2 дана)
ЕСКЕРТУ: 2023 жылы 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.