15 Маус 2024
Страницы KZ ГКУ "Средняя школа № 2 имени Жамбыла с дошкольным мини центром" ГУ "Отдел образования по Балхашскому району управления образования Алматинской области"

Мектеп туралы

І. Балқаш аудандық білім бөлімінің «№2 Жамбыл атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Балатопар ауылы А. Достемесов көшесі №26 үй

ІІ. Мектеп тарихы

1960 жылы Сегіз жылдық Топар орта мектебі - мектеп директорлары:

1960 - 1962 жылдары Талдыбаев Баймұхан;

1962 - 1964 жылдары Наметов Мырзабай;

1964 - 1968 жылдары Аманбеков Кеңесбек;

1968 жылы Топар орта мектебі - мектеп директорлары:

1968 - 1972 жылдары Есенов Қыдырәлі;

1972 - 1984 жылдары Үсенов Бидайбек;

1984 - 1988 жылдары Бекежанов Асылхан;

1988 - 1989 жылдары Нұрбаев Жақатай;

1989 - 2007 жылдары Аяпбергенов Жоралы;

2007 - 2014 жылдары Кашкеева Алуа;

2014 - 2017 жылдары Сабден Ақмарал;

2017 жылдан Манжибаева Айнур Аралтаевна

2024 жылдан Каренеева Газиза Алпысбаевна

1975 жылы жаңа типті 640 орындық екі қабатты ғимарат пайдалануға берілді;

1976 жылы Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 130 жылдық мерейтойына байланысты мектепке Жамбыл есімі берілді;

1998 жылдан «№2 Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ болып атауы өзгертілді,

2008 жылы мектептің жанынан шағын орталық ашылды.

Бүгінгі таңда мектепте 219 оқушы бар.

Сынып комплектісі - 15, білім сапасы - 66 пайыз, Оқу үлгерімі 100 пайыз.

Мектепте информатика, айти, физика, биология және химия кабинеттері интерактивті тақтамен жабдықталған. Демеуші көмегімен жасалған қазақ тілі кабинеті бар. Оқу кабинеттерінің саны - 17. Мектеп оқушыларына арналған 1 асхана, 1 спортзал, 1 кітапханамен қамтылған. «Мектеп алды даярлық» топ бар, мектеп жанында 75 орынға арналған шағын орталық бар.

Педагогикалық кадрлардың білім деңгейлері бойынша сапалық құрамы

Жалпы мұғалімдер саны - 30. Жоғары білімді - 30; педагог - зерттеуші - 7, педагог - сарапшы - 5, педагог - модератор - 16, санаты жоқ - 2

2023 - 2024 оқу жылы мектепті 22 оқушы аяқтады, оның 10 - ы ҰБТ қатысып мемлекеттік грант иегерлері атанды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар